Жол жөндеу жұмыстарына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота жетіспейді

194

Төрт облыста жер учаскелерін сатып алу рәсімі ұзаққа созылып кетті. 

Жол жөндеу жұмыстарына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота жетіспейді Фото: freepik

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қарағанды, Абай, Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан жобаларға шетелдік жұмыс күшін тартуға 500 квота мөлшерінде жетіспеушілік байқалады. Екінші, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық әкімдіктерінде кейбір жер учаскелерін сатып алу рәсімі ұзаққа созылып кетті", - деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, жүк көліктерінің салмағын  өлшейтін қосымша 220 станция орнатылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу