5 наурызда түстен кейін № 22 автобуста ер адам жол ақысын төлеуді талап еткен жүргізушіге шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
Абырой болғанда көлік тоқтап тұрғандықтан қайғылы жағдай болған жоқ.
"СмартАтырау" КММ директоры Арслан Ароновтың айтуынша, оқиға салдарынан ер адам бетінен жарақат алған.
"Жүргізушінің беті, иегі, бір көзі ісіген. Бұзақы қашып кеткенімен, полиция оны қолға түсірді. Шабуылдың себебі қарапайым, жүргізуші оған жол ақысын төлеуді талап еткен, ол ренжіп қапты. Өкінішке қарай, бізде тұрғындардың жартысы жол ақысын төлемейді. Сонымен қатар, ол валидаторды бұзды. Енді қалпына келтіруі керек", – деді Арслан Аронов.
Полиция қызметкерлері бұзақыны қолға түсірді. Ол автобус жүргізушісін ұрғанын және валидаторды сындырғанын мойындап отыр. Енді ол заң алдында жауап береді.