Жолаушы такси жүргізушісінің құлағы нашар еститінін пайдаланып, ақшасын төлемей кеткен

91

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жолаушы такси жүргізушісінің құлағы нашар еститінін пайдаланып, ақшасын төлемей кеткен Фото: видеодан алынған кадр

Желіде Көкшетаудан Астанаға таксимен барған жолаушының есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне ақшасын төлемей, қашып кеткені туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақпарат Threads желісінде пайда болды.

"Мен Threads-тің күшіне сенемін және бейнежазбадағы жолаушы табылар деген үміттенемін. Бұл адам Көкшетау–Астана бағыты бойынша такси шақырған. Ол такси жүргізушісі естімейтінін пайдаланып, қашып кеткен. Бейнежазбада жүргізуші ақшаның түскенін күтіп тұрғанын байқауға болады. Себебі ер адам ақшаны әпкесі жіберетінін айтқан.  Бұл – жүргізуші әкемнің танысы", – деді жазба авторы.

Белгілі болғандай, ер адам Самат есімді жүргізушіге жол ақысы үшін 6 мың теңге беруі тиіс болған. 

Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтайтынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу