Жолаушылар тасымалын субсидиялауға 44 млрд теңгеден аса қаржы бөлінеді

772

Биыл жолаушылар тасымалын субсидиялауға 44 млрд-тан аса теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жолаушылар тасымалын субсидиялауға 44 млрд теңгеден аса қаржы бөлінеді Фото: inbusiness.kz

Оның айтуынша, осы жылы 4 айда 4,4 млн жолаушы тасымалданған. Көрсеткіштің төмен болуына карантин шектеулері әсер етіпті.

"Бүгінде коронавирус пандемиясына байланысты 41 пойыз бағытының жұмысы тоқтап тұр. Оның ішінде 21 халықаралық пойыз бар. Биыл жолаушылар тасымалын субсидиялауға 44 млрд-тан аса теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл қаржы 57 әлеуметтік маңызы бар маршрутқа жұмсалады. Бүгінде қаржының 15,5 млрд теңгесі бөлінді", - деді министр ОКҚ-де өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Айта кетейік, осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияға әуе рейстерінің саны артатынын айтқан еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу