Жолаушысы қаза тапқан таксишіге үкім кесілді

7136

Ақтөбелік таксиші екі жолаушысының қаза табуына байланысты жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасай отырып. 

Жолаушысы қаза тапқан таксишіге үкім кесілді

29 жастағы ақтөбелік Lada Largus автокөлігімен жеке тасымалдаумен айналысқан. Ол алты жолаушыны Қандыағаштан Ақтөбеге алып шыққан. Жолда қарсы бетке шығып, ГАЗ-5312 жүк көлігіне соғылған. Оқиға орнында жеңіл көліктегі бір ер мен бір әйел адам қаза тапқан. Тағы екі жолаушы мен жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алған. 

Зардап шеккен жолаушылар мен қаза тапқандардың туыстары жүргізушіге кешірім берген. Таксиші кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтегенін түсіндіріп, өзіне рақымшылық беруді өтінген. 

Соттың анықтауынша, жүргізуші ұйықтап кеткен. 

Сот шешіміне сәйкес, оның ісі рақымшылыққа жатпайды, жүргізуші бес жыл ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді және жеті жыл жүргізуші куәлігінен айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу