Жолда апаттық жағдайлар туғызатын мопед жүргізушілеріне қандай шара қолданылады?

Алматы әкімі Ерболат Досаев электрсамокаттар мен мопедтерді пайдалану мәселесіне түсініктеме берді. 

Жолда апаттық жағдайлар туғызатын мопед жүргізушілеріне қандай шара қолданылады? Фото: Almaty.tv

"Қаладағы өзекті мәселе тамақ  жеткізушілер туралы, олардың көлік жүргізетін куәліктері, не арнайы белгілері де жоқ. Олар 16-18 жаста, мопедпен жүреді және апаттық жағдайлар туғызады. Бұларға қандай шара қолданылады?", – деп сұрады қала тұрғыны әкімнен.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев оларға шара қолдану үшін арнайы заң керек екенін атап өтті.

"Электрсамокаттар мен мопедтер көлік  ретінде танылған кезде-полиция олардын жүргізуші куәлігін талап етуге, жүру ережелерін реттеуге және т.б. мүмкіндік алады. Қазір жол полициясы оларға айыппұл сала алмайды. Осы жылдың көктемінде бұл заң жобасы қаралады деп үміттенемін", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу