Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келген кезде ВАЗ автокөлігінің иесі жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ көлік жолаушылары өз әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, интернет желісіне салып отырған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Автокөлік иесі жол ережесін қатаң түрде бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-тармағымен (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген), 590-бабы 2-тармағымен (Мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ) және 599- бабы 2-тармағымен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өту) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу