Жолдағы шұңқырды айналып өткен Орал тұрғыны айыппұл арқалады

490

Мұнымен келіспеген әйел адам сотқа жүгінді. 

Жолдағы шұңқырды айналып өткен Орал тұрғыны айыппұл арқалады Фото: TURANINFO.KZ

4 мамыр күні бірінші сот отырысы өтті. Тәртіп сақшыларында жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны туралы бейнефиксация болмаған, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың жазуынша, 14 сәуір күні Орал тұрғыны Дамира Сманқұлова редакцияға жүгініп, наразылығын білдірген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамға ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы "Маневр жасау қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл мөлшері 17 мың теңгені құрады. Қала тұрғыны сотқа жүгініп, 4 мамыр күні алғашқы сот отырысы өтті.

Дамира Сманқұлова сотта айыппұлмен келіспейтінін, шешімнің күшін жоюды сұрады.

"Ол жерде "тегіс емес жол" белгісі болуы керек. Мен шұңқырды айналып өттім, жол полициясы мені тоқтатты. Бастапқыда бұл шұңқырды байқағанымда, бәрі басқаша болар еді. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген жоқпын", - деді Орал тұрғыны сот отырысында.

Орал қалалық жол-патрульдік полициясының аға инспекторы Руслан Асановтың сөзінше, тұрғын маневр жасаған кезде арнайы сигналды қоспаған.

"Осыны байқаған соң, тұрғынды тоқтаттым. Өзімді таныстырып,  жүргізуші әйелден құжаттарын көрсетуді сұрадым. Оған құқық бұзушылық туралы хабардар еттім. Қала тұрғыны ұрыса бастады. Бұл мен ұсынған бейнежазбада көрсетілген. Егер де жүргізуші өзін дұрыс ұстаған жағдайда, профилактикалық әңгіме жүргізіп, әкімшілік айыппұл түріндегі жазаны қолданбас едім. Мен бәрін заң аясында жасадым", - деді  аға инспектор.

Тәртіп сақшысы жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны туралы бейнефиксация жоқ екенін айтты. 

Сот отырысы кейінге қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу