Жолдардың ақылы учаскелерінде абоненттік төлем енгізіледі

582

Осы жылдың соңына дейін жолдардың ақылы учаскелерінде абоненттік төлем енгізіледі.  

Жолдардың ақылы учаскелерінде абоненттік төлем енгізіледі Фото: kolesa.kz

Бұл туралы Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Келесі тарифтерге сәйкес көлік құралдарының барлық түрі үшін абоненттік төлем енгізілетін болады. Атап айтқанда, жеңіл автокөліктер үшін - 1 жылға 1000 теңге;  16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – айына 2 АЕК, жылына 20 АЕК; 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – айына 4 АЕК, жылына 40 АЕК; 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – айына 6 АЕК, жылына 60 АЕК; 15 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – айына 8 АЕК, жылына 80 АЕК: 15 тоннадан асатын жүк көліктеріне – айына 10 АЕК, жылына 100 АЕК. Айта кету керек, абонентті көлік құралыңыз ақылы жолдарға іргелес елдімекендер мен кенттерде есепте тұрған жағдайда ғана ресімдеуге болады", - деді Төлеген Абдуллин.

Бүгінгі таңда барлық ақылы учаскеде 2013 жылы бекітілген тариф қолданылады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың айтуынша, тариф өзгеріссіз қалады.

"Біз тарифтерді өзгертпейміз. Оның тарифке қатысы жоқ. Абоненттік төлем жол пайдаланушыларының өтініші бойынша ұйымдастырылды", - деп түсіндірді спикер.

Айта кету керек, осыған дейін ақылы жолдар 25 млрд теңге пайда әкелгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу