Жолдасым Нурикамалдың қолын да ұстаған емес – Ханбибі Есенқараева

Күйеуі Тұрдықылыш Ізтаевтың музасына әнмен мәңгілік ескерткіш қойған ақын жан сырымен бөлісті.

Жолдасым Нурикамалдың қолын да ұстаған емес – Ханбибі Есенқараева Фото: коллаж smartnews.kz

Ханбибі Есенқарақызының "Нурикамал" фильімінің жабық көрсетілімінде айтқан сөзі көпшілікке тез тарап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, әннің өміршең болуының да өз себебі бар. 

– Менің жолдасым Нурикамалдың қолын да ұстаған адам емес. Нурикамал да – періште сияқты таза қыз. Солардың махабатын түсінгенім, ол менің – теңдігім, қанмен келген тектілігім. Бірінен-бірі жаман іске бармауы – үш кейіпкердің жанының тазалығы. Мынадай тарихи, халықтың жақсы көретін әнінің тазалығында шығар деп ойлаймын, – деді ол. 

Бұған дейін "Жолдасым бір қызға ғашық болғанын түсіндім": "Нурикамал" әнінің сөзін композитордың өз әйелі жазып берген" деген тақырыпта мақала жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу