"Жоспар жоқ, даму стратегиясы жоқ": Қуат Хамитов Спорт министрлігін сынға алды

298

Аралас жекпе-жек шебері спорт министрлігінің жұмысын сынға алды. 

"Жоспар жоқ, даму стратегиясы жоқ": Қуат Хамитов Спорт министрлігін сынға алды Фото: kuat__khamitov

Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитов ұлттық құраманың Париж Олимпиадасындағы көрсеткішіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, елде қазақ спортын дамытатын білікті басшы жоқ.

"Қазақстан спортының басты проблемасы – алдағы 10 жылға жоспарының жоқтығы. Спортты дамыту стратегиясы да жоқ. Министрлікке басшылыққа келген әрбірі өз рөлін атқарып, кетіп қалады. Кім және қашан министр болғанына қарамастан пойыз орнынан еш қозғалмайды", - деді Қуат Хамитов Instagram-дағы спорттық пабликтердің бірінде.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарының жалпы командалық есебінде 43-орынға тұрақтағанын жазған болатынбыз. Отандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу