Жұбайының келісімінсіз несие берілмейді: Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

223

Заң жобасы Президентке жолданады. 

Жұбайының келісімінсіз несие берілмейді: Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті Фото: gov.kz

Мәжіліс Сенаттың кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына енгізген өзгерістерімен келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Енгізілген түзетулер тұтастай алғанда қаржы нарығын реттеуді жетілдіруге бағытталған және келесі мәселелерді қарастырады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметін республикалық бюджет шығыстарының құрамынан қаржыландыруды алып тастап, Ұлттық Банктің бюджетінен қаржыландыруға көшу, әскреи қызметшілерге мерзімді қызмет өткерген соң жұмысқа орналасқанға дейін 60 күнге банктік қарыз немесе микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға қосымша мүмкіндік беру мәселесі бар", - деді депутат Берік Бейсенғалиев.

Бұдан басқа енді синдикатталған қаржыландыруға құқығы бар тұлғалардың тізбесіне ҚР бейрезидент банктерінің филиалдарын, Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушы банктерін енгізу көзделіп отыр.

"Қаржы ұйымының басшы лауазымына кандидатты келісу кезінде ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан даму банкінің және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының басшы лауазымдағы жұмыс өтілін ескеру көзделеді", - деп атап өтті мәжілісмен.

Айта кету керек, осыған дейін "скери қызметті өткеріп келгендердің қарызын төлеу мерзімі 60 күнге ұзаратынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу