Жамбыл облысындағы Қордай асуында 5 күн бойы жолда қалған фура жүргізушісіне көмек көрсету операциясы сәтті аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, өрт сөндірушілер арнайы техника "Трэкол" көлігімен оқиға орнына жетті.
"Ұзақ уақыт бойы суықта тұрғандықтан көліктің отыны қатып қалған және ер адам 5 күн бойы жолда қалған", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Оқиға орнына келген құтқарушылар жүргізушіге қажетті көмек көрсетілген. Ер адамның денсаулығын тексеріп, көлікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізуші құтқарушыларға уақытылы көмек көрсеткені және кәсібилігі үшін үлкен алғысын білдірді. Төтенше жағдайлар деректеріне сәйкес, ер адамның жағдайы қалыпты және көлікті жолға шығарған.