Көкшетау – Астана тасжолында елордалық полицейлер Scania жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру кезінде жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі кейбір әріптер мен сандарды изолентамен өзгертіп, оны оқуды қиындатқаны анықталды.
54 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
Полиция көлік нөмірін қасақана жасыру немесе өзгерту заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу