Жүк көлігінің жүргізушісі қайғылы жағдайдың алдын алу үшін жартасқа соғылды

141

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. 

Жүк көлігінің жүргізушісі қайғылы жағдайдың алдын алу үшін жартасқа соғылды Фото: lada.kz

Шетпе – Бейнеу тасжолында тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігі жартасты жартасқа соғылды. Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады. Кейін жүргізушінің қайғылы оқиғаның алдын алу үшін осы қадамға барғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасының 3 маусымда болғанын айтты.

"Шетпе – Бейнеу тасжолында жол апаты болдв. Тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігі жартасқа соғылды. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Құзырлы органның хабарлауынша, көлік жүргізушісі қозғалыс кезінде тежегіш жүйесінің істен шыққанын байқаған. Автокөлік апаттық учаскеге шығып, жартасқа соғылып тоқтады. Бұл тасжолда қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік берді. Зардап шеккендер болмағандықтан, жүргізуші Кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу