Жүргізуші куәлігін көрсетудің қажеті жоқ: Жол полициясы планшет ұстап тұрады

1188

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай дейді.  

Жүргізуші куәлігін көрсетудің қажеті жоқ: Жол полициясы планшет ұстап тұрады

Енді полицияға жүргізуші куәлігін көрсетіп әуре болудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Atameken Business.

Себебі Бас полицей жол сақшыларына бір-бірден планшет ұстатып, тәртіпті қадағалатып қоймақ. Яғни, гаджет орталық ақпараттар базасына тікелей қосылады. Ал онда жүргізуші туралы барлық мәліметтер шығып тұрады. Азамат авто тізгіндеуге құқылы ма, жоқ па, айыппұлын соңғы рет қашан төлеген, сақтандыру құжаты бар ма деген сынды. Тіпті өзге елдермен интеграцияланған платформада көліктің ұрланғандығы жөнінде де ақпарат болады.

Бірақ мұнда жүргізуші қолында жеке басын айғақтайтын төлқұжаты міндетті түрде болуы шарт. Әйтпеген жағдайда сол жерде темір тұлпары тәркіленіп, өзі әкімшілік жаза арқалауы мүмкін. Министр қазір заңды толықтырып жатырмыз дейді. Алдағы уақытта Парламенттің қарауына ұсынылады. Сондай-ақ, планшетке онлайн режимде видеобақылау жүйесі де қосалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу