Жүргізуші мамандығы тегін үйретіледі

915

Қорғаныс Министрлігі Алматы филиалының әскери-техникалық мектебінде курсанттар үш айлық оқуды тәмамдады.  

Жүргізуші мамандығы тегін үйретіледі

Жас аралықтары 18 бен 24 жасты құрайтын жастар "В", "С" санатындағы және "С1 "кіші санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі" бағдарламасы бойынша оқудан өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазіргі таңда 30 түлекке сертификат табыс етілді. Жол қозғалысы ережелері мен тәжірибелік жүргізу бойынша емтиханды сәтті тапсырғандар жүргізуші куәліктеріне ие болды. Бұл мамандық әскерде қызмет еткеннен кейін де сұранысқа ие болады", – дейді әскери-техникалық мектеп филиалының директоры полковник Мирас Жильгильдин.

Қорғаныс министрлігі "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасын 2017 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Кадрларды даярлау Қарулы Күштерді жасақтау қажеттілігіне сәйкес 16 әскери-техникалық мамандық бойынша өтеусіз негізде жүргізіледі. Мектеп тәрбиеленушілерін қорғаныс ведомствосының есебіне тұрып, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

Оқудан кейін курсанттар әскерге шақырылып, әскери бөлімдерге бөлінеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу