"Жүргізуші оны агрессияға итермеледі": Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды туыстары қорғаштауда

7088

Аулада орын алған ерегестің арты төбелеске ұласты. 

"Жүргізуші оны агрессияға итермеледі":  Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды туыстары қорғаштауда Фото: бейнежазбадан

Қарағандыда түнгі жол-көлік оқиғасының себепкеріне іздеу салынып жатыр. Үй ауласында болған ерегестің арты төбелеске ұласып, кейін жедел жәрдем жүргізушісінің миы шайқалып, мұрын сүйектерінің жабық сынығымен ауруханаға жатқызылды.

Оқиға жұма күні орын алды. Түнгі сағат бірде өтіп бара жатқан адам мен жедел жәрдем жүргізушісі арасындағы ауызша дауды жедел жәрдем дәрігері 100 метр қашықтықта түсіріп алған. Мұның соңы аяусыз соққымен аяқталады деп ешкім ойлаған жоқ. Салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі көлікті басқара алмай, ауруханаға түскен. Ал, жәбірленушіні соққыға жыққан адам қашып кеткен. Мақажанов атындағы аурухананың неврология бөлімінде бас миының шайқалуы, мұрын сүйектерінің сынуы, кеуде қуысының және беттің жұмсақ тіндерінің контузиясы диагнозы қойылған.

"Біз түнде әдеттегідей жұмыс жасап жүрдік. Мен дәрігерлерді түсіріп, өзім көлікте отырғанмын. Бір кезде айнаға қарасам, артымда жас жігіт тұрды. Мені боқтай жөнелді. Ол мен шықсам да боқтауын доғармады. Ерегесіп кетті. Сол кезде бірнеше рет ұрып жіберді. Дәрігерлер мен науқас шыққанда, мен өзіме келе алмай, көлік жүргізетін хәлде де болмадым", - деді  Төреғали Берікқалиұлы жедел жәрдем жүргізушісі.

Нәтижесінде полицейлер ер адамның кім екендігін анықтады. Ол 36 жастағы Шымкент қаласының тумасы болып шықты. Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігі бойынша денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісінің денесіне зақым келтірген Қарағанды тұрғынын анықтады. Оны ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Бұзақылық мақсатпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жауап берді Қарағанды облысының полиция департаментінде.

Бұл оқиғаны Facebook-тегі парақшасында айтқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният назардан тыс қалдырған жоқ.

"Өздеріңіз білетіндей, жедел жәрдем қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Адам өмірі мен денсаулығы олардың жедел әрекет етуіне байланысты. Бірақ фельдшерлер мен 103 жүргізушінің қандай қиын жағдайда жұмыс істейтінін азаматтарымыз түсіне бермейді. Өкінішке орай, жедел жәрдем қызметкерлеріне осындай агрессия мен шабуылдар жиі кездеседі. Медицина қызметкерлеріне, әсіресе, жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты мұндай зорлық-зомбылық әрекеттерге мүлдем жол берілмейді және құқық қорғау органдары деңгейінде қатаң түрде жолын кесу керек деп есептеймін. Зардап шеккен жедел жәрдем жүргізушісінің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін және бүкіл медицина қауымын бұл оқиғаның тергеуі менің жеке бақылауымда болатынына сендіремін", — деп жазды Ажар Ғиният.

Patriotkaragandy посттың астындағы іздеуде жүрген азаматтың туыстары оны қорғап, барлығы қудалай бастағанын және оның өте тәртіпті адам екенін айтты. Жүргізуші оны агрессияға итермеледі дейді жұрт. Ол оны ауыр затпен келе жатқанын көріп, жол бермеді дейді. Тіпті елемей киімін былғап, кешірім де сұрамаған.

Ақпарат енді коммерциялық сайттарда орналастырылған, іздеуде жүрген адам аса қауіпті қылмыскер емес. Бірақ, облыстық полиция департаменті мен Ішкі істер министрлігі деңгейінде оны іздестіру жұмыстары ерекше бақылауда. Оның бұл әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды.

Еске сала кетсек, жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам ресми түрде іздеуге жарияланды.

  • Қарағанды қаласы Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамның жүрген жері туралы білетіндерден 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 телефондарына хабарласуларын сұрайды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу