Қызылорда облыстық сотының хабарлауынша, сиыр иесі сотқа шағымданып, жүргізушіден малдың құны деп 350 мың теңгені өндіріп беруді сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алайда тараптар Жалағаш аудандық сотында медиация тәртібімен келісімге келіп, іс бейбіт жолмен шешілді.
Соттың шешімі бойынша, жүргізуші сиыр иесіне 150 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Осылайша, сиыр иесі бастапқы талабынан бас тартты. Полиция бұл іске қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ деп танып, істі тоқтатқан.
Жол-көлік оқиғасы мен ауыл тіршілігінің осындай күтпеген тоғысуы қоғамда түрлі пікір тудырып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу