Жүргізушілер мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартуда

975

Жүргізушілер мен кондукторлар "жалға беру бағасын азайытсын" деп автопарк басшылығына талап қойып отыр.

Жүргізушілер мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартуда

Павлодардағы №1 автопарктің жүргізушілері мен кондукторлары наразылық танытуда. Таңертең маршрутқа бір-ақ рет шыққан  қызметкерлер жұмысты жалғастырудан бас тартып, автобустарын қаңтарып қойды, деп хабарлайды Atameken Business.

"Табысымыз төмен" деген олар автопарк басшылығына бірқатар талап қойып отыр. Орындалмаған жағдайда жұмысқа мүлде шықпаймыз дейді. Ал табыстарының аздығына қала ішіне автобуспен қатынайтын адамдардың жартысынан көбі жеңілдікпен жүретін жүргіншілер екендігі себеп көрінеді. Одан жүргізушілер мен кондукторлар зиян шегеді. Өйткені, күнделікті жолақыдан түсетін табыс кей кездері автобусты жалдау құнынан аспай қалады екен. Сол себепті, жүргізушілер мен кондукторлары "жалға беру бағасын азайытсын" деп автопарк басшылығына талап қойып отыр.

"Қазір көпбалалы ата-аналарды тегін жүргізу керек. Олардың балалары да тегін қатынайды. 2-группадағы мүгедектерді де тегін тасымалдауғак міндеттіміз. Осының барлығына қарамастан, бізге аренданың бағасын түсірмейді. Льготаларды қосып жатыр, қосып жатыр. Басшылық жақтан бізге ешқандай жеңілдіктер берілмейді. Сондықтан біздің жұмыскерлердің шыдамы таусылды",– дейді автобус кондукторы Қорлан Тақуова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу