Жүргізушілерді даярлау және олардың емтихан тапсыру ережелеріне өзгеріс енді

341

Қазақстандықтар электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыруға өтініш берген кезде енді биометриялық сәйкестендіру рәсімінен өту қажет.  

Жүргізушілерді даярлау және олардың емтихан тапсыру ережелеріне өзгеріс енді Фото: ortcom.kz

Үміткерлер осындай рәсімнен емтихан басталмас бұрын, оның барысында және емтихан аяқталғанда өту керек болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығында https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37120303&pos=0;0#pos=0;0 айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Теориялық емтихан тапсыруға арналған сыныптар сигналдарды басуға арналған арнайы жабдықтармен, бейнебақылаумен және емтихан тапсырудың адалдығын қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталуы тиіс.

Егер теориялық емтихан өткізу барысында кандидат материалдармен алмасып, теориялық емтихан тапсыру залынан шығып, қағаз, электрондық тасымалдағыштардағы ақпаратты, сондай-ақ қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдаланса, емтиханды қабылдау тоқтатылады. Сонымен қатар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұзу туралы акті жасалып, кандидатқа "тапсырған жоқ" деген баға қойылады. Теориялық емтиханды қайта тапсыруға жүргізушілікке үміткер кемінде 3 айдан кейін жіберіледі.

Бұдан басқа практикалық емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін беруге қойылатын талаптар да өзгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу