Жүргізушілердің шағымы негізсіз деп танылды

708

Жедел жәрдем қызметі 75 жүргізуші қол қойған шағымға қатысты түсінік берді.

Жүргізушілердің шағымы негізсіз деп танылды

Алматыдағы жедел жәрдем қызметкерлері басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын және жұмыскерлерге көрсеткен қысымын айтып, шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жедел жәрдем станциясында істейтін 75 жүргізуші қол қойған шағым туралы ақпарат тарады. Онда жұмысқа орналасу үшін жүргізушілер бастығына белгілі бір соманы төлеуі керектігі айтылған. Сонымен қатар жүргізушілерге арнайы киім берілмейтіні, бұзылған көліктерді өз қаражаты есебінен жөндейтіні және жаңа басшы келгелі бері коронавируспен ауыратын науқастармен жұмыс істеу қаупі бойынша үстемақының айтарлықтай төмендегені туралы да жазылған.

Жедел жәрдем қызметі тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді. Олардың айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері бұл шағымды 2 қыркүйек күні жазған. Шағымда келтірілген деректерді Nur Otan партиясы, Алматы әкімдігі, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп тексерді. Жедел жәрдем қызметінде жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша жүргізушілердің шағымы негізсіз деп танылды.

"Өтініште айтылғандар бүкіл қызметкерлердің пікірі емес, тек 12-ші қосалқы станцияның кейбір жүргізушілерінің наразылығы екенін айтып өткен жөн. Бұл наразылық басшылық тарапынан жанар-жағармай үшін жүргізушілердің шығынын бақылаудың күшеюіне байланысты шықты. Бұл тексеріс бюджет қаражатын ай сайын 8 361 660 теңгеге үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ жедел жәрдем жүргізушілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға алып келді", - деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.

Ведомство жедел жәрдем жүргізушілерінің қатысуымен 39 жол апаты болғанын, оның 19-ы жүргізушілердің кінәсінен екенін, екеуі өліммен аяқталғанын, жетеуі жарақат алғанын, оның үшеуі дәрігер мен бір жедел жәрдем жүргізушісі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу