Жүргізушілер медициналық анықтаманы енді eGov Mobile мобильді қосымшасынан ала алады

180

 Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын.  

Жүргізушілер медициналық анықтаманы енді eGov Mobile мобильді қосымшасынан ала алады Фото: Informburo.kz

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат. Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу үшін келесі әрекеттерді орындаса болғаны:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • "Қызметтер" – "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдау керек;
  • "№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру" қызметін таңдау қажет;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу