Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан жасөспірім жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені байқалады.. Сол мезетте көлік автобустың оң жақ шетімен келе жатып, жүргізуші жылдамдықты бәсеңдетуге үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Оқиға 18 сәуір күні кешкі сағат 19:45 шамасында Абай даңғылындағы Жетісу-3 шағын ауданына қарама-қарсы жерде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Toyota Camry жүргізушісі жолды дұрыс емес жерден кесіп өткен баланы қағып кеткен. Оқиғадан бір сағат бұрын жеткіншек ауызашарға үлгермеген жүргізушілерге құрма мен су таратып жүрген. Ол футбол ойнауды жақсы көрген, үлкен мақсаттары бар талантты ойыншы еді", деді марқұммен бірге жаттыққан досы.