Журналист М.Козачков 18 наурызға дейін қамауда болады

416

Козачковты 2022 жылдың 18 желтоқсанында қаржы мониторингі агенттігі ұстаған болатын.  

Журналист М.Козачков 18 наурызға дейін қамауда болады Фото: tengrinews.kz

"2023 жылдың 30 қаңтарында соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішіқанағаттандырылды және Михаил Козачковқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 3 айға дейін, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан ақпаратта.

Михаил Козачков Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген. Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланған.

Козачков құқық қорғау органдарында көп жылдық тәжірибесі бар досы Бурхан Жансейітовті ірі көлемдегі сыйақыға ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сыбайластық жасауға тартқан. Соңғысы өзінің бұрынғы байланыстары арқылы ұйымасқан қылмыстық топтың қажеттіліктері үшін, сонымен қатар кейін жариялауға арналған айыптайтын ақпараттарды жинаған.

"Тергеу барысында Жансейітов пен Козачковтың өз қызметтері үшін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденді", – делінген Қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.

 

Журналист Михаил Козачков ұсталғаннан кейін бірқатар медиа қоғамдастық өкілі президенттің атына үндеу жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті", - деп жазды Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу