Қостанай облысының журналистеріне Президент резиденциясы көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz golos.naroda.kz порталына сілтеме жасап.
Тілшілердің айтуынша, резиденцияның айналасында жайқалған ағаштардан көз сүрінеді.
Мұнда демалу үшін барлық жағдай жасалған. Көл, қайық, барбекю алаңы – бәрі де бар. Келген жоғары лауазымды қонақтарға арналған бірнеше үйден бөлек, ғимарат аумағында теннис корты да орналасқан.
20 гектардан астам аумақты алып жатқан резиденцияны күтіп-баптауға қазынадан жылына 50 млн теңге бөлініп келген.
Еске салайық, осыған дейін Қостанайдағы Президент резиденциясы психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған оңалту орталығына айналатынын жазған болатынбыз. Еліміздің бірқатар қалаларындағы Президент резиденциялары да балалар игіліне беріледі.