Жыл басынан бастап Павлодар облысында жол апатынан 55 адам көз жұмды

656

Жыл басынан бастап Павлодар облысында жол апатынан 55 адам көз жұмды

2018 жылы Павлодар облысында 317 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл жол апатынан 55 адам көз жұмып, 880 адам жарақат алған.

"Ең алдымен жол этикасын сақтауды үйрену қажет. Жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белбеуін тағуды, баланы арнайы ұстайтын құрылғыға отырғызуды ұмытпаған жөн", - дейді полицейлер.

Полиция департаменті жүргізушілерге көлікте сізге өз өмірін толығымен сеніп тапсырған жақын туыстар мен достарыңыз болуы мүмкін екендігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу