Жыл басынан бері 13 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді

883

Өткен аптада ел аумағында 270 интернет-алаяқтық жасалды.  

Жыл басынан бері 13 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бір аптада интернет қолданушыларға қарсы 230 алаяқтық анықталды. Ақпараттық технологияны қолдану арқылы 6 ұрлық жасалды. Ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің 4 фактісі тіркелді. Бұдан бөлек интернет-алаяқтықтың басқа түрлеріне қатысты 30 қылмыс әшкереленді. Полиция қызметкерлері бұрын жасалған 433 қылмысты ашты. Оның 426-сы интернет қолданушыларына қарсы алаяқтық, алтауы IT-технологияны қолдану арқылы жасалған ұрлық болды", – деді Нұрділдә Ораз. 

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, интернетке жүргізілген мониторинг барысында заңсыз контент жариялайтын 664 ресурс анықталды.

"Жыл басынан бері ішкі істер органдары интернет-алаяқтықтың 13 мыңнан астам фактісін тіркеді. Оның 5 мыңы алаяқтардың онлайн сауда алаңы мен веб-сайттарда орналастырған жарнамаларына негізделген, іс жүзінде жоқ өнімдерге, 2 мың алаяқтық әлдекімдердің біреулердің атына онлайн несие тіркеуге тырысуына қатысты болды. Мобильді банкинг пен банк картасының дерегі арқылы 1 мыңнан астам алаяқтық жасалды", – деді Нұрділдә Ораз. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу