Жыл басынан бері 1800-ден аса оқушы оқыс оқиғалар салдарынан жарақат алды

911

Жол апатынан 90 бала қайтыс болған. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жыл басынан бері 1800-ден аса оқушы оқыс оқиғалар салдарынан жарақат алды

Биыл осындай жағдайлардың алдын-алу үшін Ішкі істер министрлігі 20 тамыздан бастап "Абайлаңыз, балалар" атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүзеге асырып жатыр.  

"Қазіргі таңда дайындық кезеңі қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл кезеңде білім беру мекемелерінің аумағындағы көше, жол тараптарының, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары зерттелуде. Коммуналдық қызметкерлерімен жолға жақын орналасқан 4 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілді",  деді Жандос Мұратәлиев.

Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің қасында 2000 астам жол белгілері жаңартылған. Жалпы ел аумағында 20 мың метр жаяу жүргіншілер жолдары салынған. Аталған шара басталғалы 18 мыңнан астам жол жүру қағидаларының алдын алған. Шара барысында білім беру мекемелерінің жанында полиция жасақтары көбеймек. 

"Өткен кезеңде 4 жол-көлік оқиғасына кәмлетке толмағандар қатысты. Карантин кезінде оқушылардың көпшілігі қашықтан оқуға көшкен кезде жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары да төмендеді. Сондықтан жаңа оқу жылы басталғанда жедел-профилактикалық іс-шара 2 кезеңде, нәтижелі түрде өткізілуде",  дейді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу