Жыл басынан бері елордада ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді – Зайтуна Хамидуллина

606

Осыған дейін ана өлімі жағдайларының 75%-ы қандай себептерге байланысты болатынын жазған болатынбыз.

Жыл басынан бері елордада ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді – Зайтуна Хамидуллина

Жыл басынан бері Астанада ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қаланың штаттан тыс бас акушер-гинеколог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Зайтуна Хамидуллина мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері елордада ана өлімінің 3 жағдайы тіркеліп отыр. Өкінішке қарай, олар акушерлік асқынулардан қайтыс болды. 2020, 2021 жылдары ана өлімінің негізгі себебі экстрагенитальды патология болған", – деді маман "Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті" II халықаралық республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында.

Спикердің айтуынша, 2021 жылы қалада ана өлімінің 4 жағдайы орын алған. Соның ішінде 3 әйел COVID-19, біреуі ауыр экстрагенитальды патология салдарынан қайтыс болды. 

"Бүгінгі таңда қалада жүктілік бойынша диспансерлік есепте 12 278 әйел тұр. Олардың 45%-ында экстрагенитальды патологиясының қауіп-қатерлері Есепте тұрған әрбір екінші әйел басқа аймақтардан келеді. Олардың көбінде жүктілікке қарсы көрсетілімдер бар", – деді ол.

Спикер былтыр кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың арасындағы ерте жүктіліктің 55 жағдайы, ал 2020 жылы 57 жағдай тіркелгенін айтты.

"Екі жыл бұрын Қазақстан бойынша ана өлімі жағдайының жоғары болғанын ескере отырып, ел Үкіметі перинаталдық орталықтарды көпбейінді стационарлармен біріктіру туралы шешім қабылдаған болатын. Өкінішке қарай, оның айтарлықтай өзгерістер әкелмегенін уақыт көрсетіп отыр. Бүгінде №1 көпбейінді қалалық аурухананы акушерлік стационардан бөлу мәселесі туындап отыр", – деді Зайтуна Ғадилқызы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу