Синоптиктердің болжамына сәйкес, ай соңына дейін күндіз ауа температурасы кей кездері -25°C-қа, ал түнде -33°C-қа дейін төмендейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыста жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Ал қатты аяз кезінде оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Мамандар көбіне төмен температура жағдайында адамдар гипотермия мен аязға ұшырайтынын айтады. Бұл денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.
Үсік шалу – бұл төмен температураның әсерінен дененің кез-келген бөлігіне (қайғылы жағдайға дейін) зақым келтіру.
Үсік шалудың негізгі себептері:
- тығыз және дымқыл киім мен аяқ киім кию;
- физикалық шамадан тыс жұмыс, аштық;
- мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз және ыңғайсыз жағдай;
- аурулар нәтижесінде ағзаның әлсіреуі;
- аяқ-қол тамырларының және жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары;
- қан жоғалтумен ауыр механикалық зақымданулар.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, "112" құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.