Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы осы кезеңде 161 жол көлік оқиғасы болған. Демек жағдай екі есе нашарлағанын көрсетеді. Жол апатынан қайтыс болғандар былтыр 44 адам болса, биыл 76-ға жетті. Қайғылы оқиғалар салдарынан 400-ге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Статистиканы сөйлетер болсақ, өткен жылмен салыстырғанда биыл жол апаты 96,3%-ға, қаза тапқандар 72,7%-ға, дене жарақатын алғандар қатары 72,3%-ға өсті. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен 87 жол апат болып, 10 бала көз жұмған.
"Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері: жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жолдан өтуі", – дейді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу