Жыл басынан бері утильалымнан 324 млрд теңге түсті

91

Бұл туралы компанияның өкілі хабарлады.  

Жыл басынан бері утильалымнан 324 млрд теңге түсті Фото: pixabay.com

Биыл 11 айда утильалым төлемдерінен 324 миллиард теңге түсті. Бұл туралы "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2025 жылдың 11 айында утильалым төлемдерінен түскен қаражат 324 миллиард теңге болды. Оның ішінде көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын және автокомпоненттерді өндірушілерден 133,3 млрд теңге түскен. Импорттаушылардан түскен қаражат – 172,8 млрд теңге. Техника мен автокомпоненттер өндірушілеріне 140,9 млрд теңгеден астам қаражат кері қайтарылған. Түскен қаржы мен шығыс арасындағы 7,6 млрд теңге айырмашылық жаңа көлік маркаларын өндірушілермен келісімшарттар әлі толық жасалмағанымен түсіндіріледі. Сондай-ақ автокомпоненттер бойынша қайтарымға өтінімдер түспеген", – деді Нұржан Қабдолданов.

Оның айтуынша, қайтарымды негізде қаржыландырылатын жобаларға шамамен 125 млрд теңге бағытталған.

Айта кету керек, бұған дейін утильалым есебінен тұрмыстық қалдық полигондарының құрылысы жүргізілетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу