Жыл басынан ұялы операторлар 2 млрд 570 млн теңге айыппұл арқалады

365

Жеңілдікті ескере отырып бюджетке 1 млрд 285 млн теңге төленді. 

Жыл басынан ұялы операторлар 2 млрд 570 млн теңге айыппұл арқалады Фото: freepik

Бұл туралы ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитеті сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Қабенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1175 тексеру жүргізіліп, ұялы байланыс операторларына 1 млрд 670 млн теңге сомасына айыппұл жазылды. Жеңілдікті ескере отырып бюджетке 835 млн теңге төленді. Биылғы 13 қарашадағы жағдай бойынша 677 тексеру жүргізіліп, 2 млрд 570 млн теңге сомасына айыппұл жазылды. Жеңілдікті ескере отырып бюджетке 1 млрд 285 млн теңге төленді”, - деді Олжас Қабенов “Қолжетімді интернет” ұлттық жобасы тақырыбында өткен брифингте.

Еске салайық, осыған дейін Астанада 67 учаскеде интернет сапасы нашар екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу