Жыл соңына дейін еліміздің әуе паркі 14 жаңа ұшақпен толығады

937

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жыл соңына дейін еліміздің әуе паркі 14 жаңа ұшақпен толығады

"Осы жылдың соңына дейін жиынтық сыйымдылығы 2,5 мың орындық болатын жаңа әуе кемелері пайдалануға берілмек. Атап өтер болсақ, "SCAT" әуекомпаниясының 9 ұшағы, "Fly Arystan" – 3, "Air Аstаnа" – 2 ұшақ. Бұл шаралар тасымалдау сыйымдылығын арттыруға бағытталған", – деп мәлімдеді ведомство. 

Агенттіктің мұндай шешіміне саладағы соңғы жанжалдар себепші болып отыр. Халықтың рейстердің кешігу жағдайларына қатысты айтқан уәждері де орынды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тапсырмасымен Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі рейстердің кешігу фактілері бойынша тергеуді бастады. Егер де рейстерді кешіктіру және оларды тоқтату кезінде жолаушылар құқығын бұзу фактісі анықталатын болса, әуекомпаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу