Жыл соңына дейін ШҚО-да 60 ферма жұмыс істейтін болады

768

Жыл соңына дейін ШҚО-да 60 ферма жұмыс істейтін болады

Өңірде сүттің 70 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі, сондықтан оны өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтан сатып алу үшін негізгі жағдайлар жасалған. Қазіргі уақытта 60 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

"Сүт-тауар пункттерін ашу жұмысын жалғастыру керек. Оған қоса, бізде бұрын Ресей мен Қытайдан сатып алынып жүрген модульдік құрылымдарды шығаратын өз кәсіпорнымыз да бар. Олардың анағұрлым жетілдірілген және көлемі жағынан үлкенірек болып келетін салқындату жүйесі бар", – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бұдан бөлек, өңірде сүт-тауар фермаларын, сүт қабылдау пункттерін дамытуға, жеке шаруашылықтардың өнімділігін арттыруға бағытталған шағын несиелер беріледі. Несиелендіру сомасы 6 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде, бірнеше міндет шешілуде. Кооперация және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін негіз қалыптастырылуда. Тұрақты табыс әкелетін жеке қоныстарды кеңейту мүмкіндігі қамтамасыз етілуде. Қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелуі ұлғаюда. Сондай-ақ заңды және табысты бизнес жүргізуге де мүмкіндік бар.

Шығыс Қазақстанда биыл 5 мың басқа арналған 18 сүт-тауар фермасы жұмысын бастамақ. 2017 жылдың соңына дейін өңірде барлығы 17,2 мың басқа арналған 60 ферма жұмыс істейтін болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу