"Жыл соңында нәтижеге қарап көрейік" – депутаттарға қазақ тілін үйретуге қаражат бөлу туралы

1466

Депутаттардың қазақ тілін үйренуі үшін бюджеттен 27 миллион теңге бөлінбек.

"Жыл соңында нәтижеге қарап көрейік" – депутаттарға қазақ тілін үйретуге қаражат бөлу туралы

Мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін депутат Наталья Деменьтева журналистер алдына шығып, осы мәселе бойынша пікірін айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Өз басым қазақша еркін сөйлеймін. Ал әріптестеріме келсек, олар жеке репититор жалдап үйреніп жүр. Үйрену әркімнің өз қолында", – дейді депутат.

Алайда ол депутаттардың "өз бетінше үйренуге жеке қаражаты жетіп тұрса да" мемлекеттік тілді үйрену үшін қазынадан ақша алу дұрыс немесе бұрыс деп айта алмайды.

"Мен қаражат туралы білмеймін. Бұл – Парламенттің шешімі. Жыл соңына таяу нәтижеге қарап көрейік. Егер оң нәтиже болса, жақсы. Ал теріс нәтиже болса, Парламент бұл қаражаттан бас тартады деп ойлаймын", – деді Деменьтева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу