Жылдамдықты асыратын көлік жүргізушілеріне жаза күшейеді

237

Тиісті құжат бүгінде Парламенттің қарауында. 

Жылдамдықты асыратын көлік жүргізушілеріне жаза күшейеді Фото: freepik

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов автомектептер қызметіне бақылау жүргізуді ІІМ-ге қайтаруды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жылдамдықты жақсы көретіндерге" жазаны күшейтеміз. Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілді. Сондай-ақ, мас күйінде, автокөлікті куәліксіз басқарса, 7 жылға дейін куәлік алуға тыйым салынады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жүргізушілерді дайындау талаптары қайта қаралады. Өзін-өзі дайындау тоқтатылды. Автомектептерді есепке аламыз. Түлектердің қатысуымен болған апаттар рейтингін енгіземіз", - деді ІІМ басшысы Үкімет отырысында.

Министр оқу курстарын өту туралы куәліктері, медициналық анықтамалар электрондық нысанға көшірілген.

"Бірақ жүргізушілерді оқыту сапасына қатысты сұрақтар бар. Кейбір автомектептерде қажетті жағдай жоқ. Себебі – бұл саланы мемлекет бақыламайды. Бұл функцияларды Ішкі істер министрлігіне қайтаруды сұраймыз. Оған қоса автомектеп ашу үшін рұқсат беру тәртібін ауыстыру қажет", - деді Ержан Сәденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу