Жыныстық қатынас – кәмелетке толмағандарға қатысты көп тіркелетін қылмыс түрі

1327

Биылғы қаңтар-қыркүйекте кәмелетке толмағандарға қатысты 1,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеп. 

Жыныстық қатынас – кәмелетке толмағандарға қатысты көп тіркелетін қылмыс түрі

Құқық бұзушылықтардың көп бөлігі орташа ауырлыққа қатысты – 582 жағдай, 443 жағдай – аса ауыр, 314 – жағдай ауыр, ал 264 жағдай – онша ауыр емес.

Салыстырайық, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 1,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл жылдағы көрсеткіштен 14,6%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең көп бұзушылық Түркістан облысында тіркелді, 212 жағдай. Бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 57%-ға артқан.

Анти-лидерлердің үштігінде Қарағанды (197 жағдай) мен Алматы (159 жағдай) облыстары бар. 

Айта кететіні, мұқым республика бойынша жасалған құқық бұзушылықтың үштен бірі осы үш өңірде болған.

Ең аз қылмыс Павлодар облысында жасалды. Барлығы 51 жағдай. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 52,8%-ға аз.

Статистикаға сүйенсек, құқық бұзушылықтар санының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында тіркелген (жылына 82,5%, яғни 73 жағдайға дейін артқан), ең көп төмендеуі – Павлодар облысында.

Кәмелетке толмағандарға қатысты барлық қылмыстың 58,5%-ы жеке тұлғаға қарсы жасалған (999 жағдай) Көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,2%-ға жоғарылап кеткен. 

Көбінесе он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер (270 жағдай), зорлау (204 жағдай), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (180 жағдай), жас балаларды азғыру (125 жағдай), денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (68 жағдай) сияқты қылмыстар тіркеледі.

289 жағдай меншікке қарсы құқық бұзушылықтарға қатысты болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 23%-ға көп. Соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 116 ұрлық, 74 алаяқтық, 71 тонау, 20 бопсалау, 3 ұсақ ұрлық және қарақшылық оқиғалары болған.

Көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты 246 жағдай болған – бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,7%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу