"Жынысын ауыстырған адамдарды телеарналардан неге көруіміз керек?": депутат мәселе көтерді

518

Бұдан бөлек ол қазақ тіліндегі хабарлардың үлесі басым болуы керек екенін баса айтты.

"Жынысын ауыстырған адамдарды телеарналардан неге көруіміз керек?": депутат мәселе көтерді Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қоғамның наразылығын тудырған бағдарламаларға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Мен жұмыс тобында болдым. Біздің ұсыныс әу баста масс-медиа саласындағы қазақ тілінің үлесі сексен де жиырма пайыз болсын дегенбіз. Дауласа келе жетпіс те отызға тоқтадық, бұл қабылданған позиция болатын. Енді алпыс та қырық деген ұят болады. Өйткені ресми статистика бойынша Қазақстанда мемлекеттік тілде сөйлей алатын қауым 82 пайызды құрайды", - деді халық қалаулысы Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ Ринат Зайытов қоғамның наразылығын тудырған бағдарламалар көп екенін де жеткізді.

"QosLike", "Қалаулым" деген бағдарламаларды айтпағанның өзінде, басқа түрлері де бар. Анау-мынау бағдарламаларда танылып алған жастар онлайн ойын платформаларын жарнамалайды. Оның сыртында неше түрлі ток-шоулар бар. Жынысын ауыстырған адамдарды телеарналардан неге көруіміз керек? Осыған қатысты мониторинг жасайық, тоқтатайық деп ұсыныс бердік. Мына заңның аясында осыларға мониторинг жасап, мұны тоқтата алатын тетік бар ма?", - деп сұрады мәжілісмен.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ведомствоның мұндай бағдарламаларға қаражат бөлмейтінін баса айтты.

Айта кету керек,  "Масс-медиа туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу