"Отбасыдағы келеңсіз оқиғалардың нәтижесі": Биыл 25 бала қайтыс болды

621

Оның алтауы жақын адамдарының қолынан қаза тапқан.

"Отбасыдағы келеңсіз оқиғалардың нәтижесі": Биыл 25 бала қайтыс болды Фото: Depositphotos

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстанда биылдың өзінде 25 бала қайтыс болғанын, оның алтауы жақын адамдарының қолынан қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске сала кетейік, 19 қарашада Екібастұзда жоғалған 7 жасар қыз өлі күйінде табылды.

Полицейлер баланы өлтірді деген күдікпен оның анасын ұстады.

Динара Зәкиева атап өткендей, бұл отбасының басқа балалары Балаларды қолдау орталығына орналастырылады.

Оның айтуынша, мұндай ауыр зардаптар көбіне келеңсіздіктерге, есеп-қисапқа, ішімдікке, ұрып-соғуға байланысты бірқатар оқиғалардың алдында болады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 70% жағдайда біреу бір нәрсені анық көріп, біліп, бірақ ол туралы хабарламаған, араласқысы келмеген, қорқып кеткені анықталады. Осындай қорқынышты зардаптар мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы - біздің қатысуымыз. Балалардың қауіпсіздігіне қауіп төнген фактілерді көрсеңіз, естісеңіз, білсеңіз, "111" немесе "102" нөмірлеріне хабарласыңыз", деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, осындай ақпараттарды естіп, көріп қалған жағдайда кұзырлы органдарға хабарлау арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болады.

"Президенттің тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп әзірлеген "Бала қауіпсіздігі туралы" заң жобасында қарастырған заңнамалық өзгерістер өте маңызды. Өзгерістер туралы мен бұған дейін жазған едім, ең маңызды түзетулердің бірі - балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қылмыстық), өйткені жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету арқылы біз ауыр зардаптардың алдын аламыз", деп атап өтті Динара Зәкиева.

Сондай-ақ, ол ҮЕҰ-мен бірлесіп, одан әрі шешімдерді әзірлеу үшін Әлеуметтік зертхана құрғанын атап өтті.

"Бізге де кадр қажет. Заңдарды қабылдаған кезде олардың орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазіргі таңда 6,8 миллион балаға 303 қамқоршылық қызметкері, яғни бір қызметкерге 22 мың баладан келеді. Енді 5 мың балаға қамқоршылық қызметкер керек. Біз бұл мәселені  Біз депутаттармен бірлесіп шешіп жатырмыз", деді Зәкиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу