Зюгановтың мәлімдемесіне Қазақстан ресми наразылық білдірмейді

1278

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей думасының депутаты Зюгановтың шовинистік мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Зюгановтың мәлімдемесіне Қазақстан ресми наразылық білдірмейді

"Біріншіден, біздің тараптан ешқандай ресми наразылық болмайды. Зюганов Ресейдің коммунистік партиясының көшбасшысы – сондағы биліктің оппозициясы. Оппозиция өздеріңіз білетіндей, биліктің ресми ұстанымына қайшы келеді. Оған қоса Зюгановтың мәлімдемесі Ресейдің бірде-бір федералды арнасында көрсетілген жоқ",  деді министр.

Оның айтуынша, Мәскеуге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барған кезде "Ресей Қазақстанға қарсы ешқандай аумақтық дауы жоқтығы" айтылған.

Айта кетейік, кеше парламент депутаттары ресейлік депутаттың сөзін "арандату" деп бағалайтынын айтқан.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу