"Қазтелерадио" сандық теледидарға көшті

Татьяна Киселева Татьяна Киселева
8447

Компания отандық жер серігіне қосылып, сандық стансаларды сала бастады. Сонымен бірге, қазір туризмді дамыту жайын ойластырып отыр.

"Қазтелерадио" сандық теледидарға көшті

"Қазтелерадио" АҚ компаниясы теледидарды Intelsat 904 жер серігінен өзіміздің Kazsat-3 жер серігіне ауыстыруға 1,6 млрд теңге жұмсады. Компаниясы төрағасы Асқар Хайрушевтің айтуынша, ауыстыруға қатысты жұмыс қысқа мерзім ішінде іске асқан.

Kazsat-3 жер серігі – көрсету сапасын жақсартып, арналар саны артты. Kazsat-3 жер серігінің жалдау ақысы теңгемен төленеді, сондықтан, жер серігін ауыстыру экономикалық жағынан да тиімді болып шықты.

"Енді барлық төлем шетелге кетпей, елде қалады", – дейді Асқар Хайрушев.

"Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасы Айдын Бәжікеевтің айтуынша, салынған қаражат Алматы, Астана, Оралдағы үш техникалық орталықты жаңғыртуға жіберілген. Жабдық пен антенна жүйесі айырбасталып, энергиямен қамтамасыз ету және климаттық техникалар жаңғыртылған.

Сонымен бірге, "Қазтелерадио" АҚ-тың Алматыдағы филиалының директоры Сергей Заднепровский электр жабдық, қазандық, трансформаторлар мен лифтілер ауыстырылып, екі жаңа желі іске қосылғанын айтты.

Жылдамдатып, толық қамту

Бүгінгі күні компания үшін маңызды жоба – "Эфирге шығатын сандық теледидар" (ЭШСТ). Сандық теледидар бұған дейінгі теледидарға қарағанда сыртқы факторлар сандық дабыл дыбысына әсер етпейді.

"Дәл қазіргі уақытта халықтың шамамен 77,5%-ын қамтитын 356 сандық радиотеледидар стансасы салынды", – деп нақтылады Асқар Хайрушев.

Айдын Бәжікеевтің айтуынша, стансаны салуға 32,6 млрд теңге кеткен. Жобаны толығымен аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр. Ал ол үшін тағы 30 млрд теңгедей қаражат керек. Қаражаттың басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінген. 2017 жылы 127 РТС салынады да, бұл елдің 86,9%-ын сандық теледидармен қамтамасыз етеді. Ал 2018 жылы стансалардың саны 827-ге жетеді де, ол елдің 95%-ын қамтиды.

Асқар Хайрушевтің айтуынша, бұл жобаны іске асыру – облыс орталықтарында 30 телеарнаны, ауылдық жерлерде 15 телеарнаны тегін көруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл қызмет түрі төрт облыс – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау да іске қосылған.

Тұтынушы мүддесі

2016 жылы шартты қол жеткізу жүйесі сөндірілді. "Шартты қол жеткізу жүйесі теледидардан мүлде алынып тасталды. Бұл теледидардың қабылдауын едәуір арзандатуға мүмкіндік берді", – деп нақтылады Асқар Хайрушев. Оның айтуынша, бұрын олардың бағасы шамамен 17 мың теңге болған, ал қазір тұтынушы оны 5-7 мың теңгеге сатып ала алады.

"Теледидарды қолдану жеңілдеді. Экономикалық қиын жағдайда, бұл біздің тұтынушымыз үшін тиімді болды", – дейді ол.

Сондай-ақ, биыл телерадиохабар сапасын арттыруға біршама шара қолданылды.

"Әсіресе, бұл біздің қазақ тілді телеарналарға қатысты болды. Олардың ақпарат беру жылдамдығы әр арнада тәулігіне 2,4 Мбит-ке дейін көтерілді", – деген ол, бұрын жылдамдық орта есеппен тәулігіне 1,3 Мбит болғанын да айтып өтті.

Туризм қаржы салуды қажет етеді

"Қазтелерадио" АҚ үшін маңызды мәселелердің бірі – "Көктөбе" телемұнарасын туристер келетін орынға айналдыру. Сергей Заднепровскийдің айтуынша, көпшілік келетін орын ету үшін мұнараны қайта жаңғырту керек. Сонымен бірге, қосымша лифтілер салу қажет. Оның айтуынша, жаңғырту жобасын "ДАРТ" компаниясы әзірлеген. Жоба авторы лифтіні жеке құрылым ретінде имараттың бағанына қоспай бөлек салуды ұсынған. Бұл идеяны іске асыру – туристерді көптеп тартар еді. Алайда, Заднепровскидің айтуынша, бұған әзірге қаржы бөлінбеген.

"Келешекте мұны істеу керек. Өздеріңіз білетіндей, Алматы – туризмнің қаласы және қаржылық, мәдени орталық. Әкімдік "Көктөбе" саябағымен келіссөздер жүргізіп жатыр, таяу уақытта 15 адамнан тұратын шағын топ үшін көру алаңы ашылады", – деп нақтылады ол.

1983 жылы салынған "Көктөбе" мұнарасы Алматы қаласы мен оның жанындағы ауылдарға хабар таратады. Телемұнарадан 15 FM арнаның және 14 аналогты телеарнаның хабары тарайды, сондай-ақ, осы жерде 35 байланыс операторы орналасқан.

Мұнараның биіктігі 372 метр, сейсмикалық төзімділігі 10 балл, ал құрылымның салмағы шамамен 50 мың тонна.

Сонымен бірге, мұнарада сандық теледидарды басқару орталығы және мониторинг желісі орналасқан. Ол жерге еліміздің барлық РТС-ның жұмыстары туралы ақпар түседі. Бұл ақауларды байқап, оларды дер кезінде жоюға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу