Қазақстанда такси қызметі басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты арзан

4154

Әлемде такси қызметі ең қымбат елдер аталды: Қазақстан нешінші орында.    

Қазақстанда такси қызметі басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты арзан

Бұл бағыттағы зерттеуді ranking.kz зерттеушілері жүргізіп көріпті. Мамандардың қорытындысы бойынша такси қызметі ең қымбат ел Швейцария болып шықты. Ал Қазақстандағы такси қызметінің құны – әлемдегі ең арзан тарифтердің бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Numbeo деректеріне сәйкес, биылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша 1 шақырымға есептегендегі такси қызметтерінің ең жоғары бағасы Швейцарияда (4,15 АҚШ доллары), Жапония (3,63 АҚШ доллары) және Сальвадорда (3 АҚШ долл. АҚШ) тіркелген.

Қазақстанда такси қызметінің құны 1 шақырымға шаққанда 0,35 долларды құрайды (108 елдің ішінде 96-шы орында). ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда қымбатырақ қызметті Әзербайжаннан (0,43 АҚШ доллары) байқауға болады. Ал арзанырақ қызмет Беларусь, Молдова, Украина, Ресей, Армения және Өзбекстанда қалыптасқан.

Бақыланатын елдер арасында ең төмен бағалар Армения, Пәкістан және Өзбекстанда тіркелді: 1 шақырым үшін ол елдерде бар-жоғы 0,2 доллар төлейді.
1 сағат күту есебі бойынша (мысалы, жолаушының күтуі немесе кептелісте тұрып қалуы) ең жоғары тарифтер Швейцарияда (75,44 доллар), Данияда (67,02 доллар) және Исландияда (64,24 доллар) байқалды.

Қазақстанда күту сағаты 3,5 доллар тұрады. Бұл – 108 елдің ішінде 93-орын. ТМД елдерінің арасында ҚР-ға қарағанда қымбатырақ күту сағаты Ресейде, Беларусьте және Украинада. Арзан қызметті Молдовадан, Өзбекстаннан, Әзербайжан мен Армениядан байқауға болады.

2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша елімізде автокөлік жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 2%-ға өсті. Бағаның өсімі Жамбыл облысының тұрғындарына көбірек сезілген. Онда тарифтер айтарлықтай, яғни 19,8%-ға өсті.

Қазақстанның 17 өңірінен тек Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл ретте елордада баға 0,2%-ға төмендегенін атап өту керек.

Маусым айының қорытындысы бойынша қалалық автобустарда жол жүру құны Қазақстан бойынша орташа есеппен жылына 1,4%-ға өсті. Бұл ретте Жамбыл облысында бағаның бірден 30,8% көтерілгенін байқауға болады. Қалааралық автобуспен жүру құны 1,4%-ға қымбаттады. Қызылорда облысында көрсеткіш бірден 14,8%-ға, Қарағанды облысында 14,4%-ға, Павлодар облысында 13,4%-ға өсті. Сонымен қатар, бірқатар аймақта қалааралық автобуспен жүру, керісінше, арзандаған. Мәселен, Алматыда бағалар 11,8%-ға, Атырау облысында 7,7%-ға, Астанада 1,5%-ға төмендеді.

2021 жылғы қаңтар-мамырда еліміздің автокөлік компаниялары 2,9 млрд жолаушыны тасымалдады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 54,7%-ға аз. Тасымалдаудың көп бөлігі дәстүрлі түрде автобустар мен таксилерге тиесілі. Автобустармен шамамен 2 млрд жолаушы тасымалданса, сакси қызметін 947,6 млн жолаушы пайдаланды.Трамвайлар мен троллейбустар сәйкесінше 13,5 миллион және 12 миллион жолаушыны тасымалдады.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу