"100 дрон жіберді": Иран мен Израильдің бір-бірін аяйтын түрі жоқ

Бірнеше сағат бұрын Иран да Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын жөнелткен. 

"100 дрон жіберді": Иран мен Израильдің бір-бірін аяйтын түрі жоқ Фото: РБК

Мұндай мәліметті Израиль Қорғаныс армиясының өкілі, бригадалық генерал Эффи Дефрин хабарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты The Jerusalem Post-қа сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Израильдің 200-ден астам әскери ұшағы Ирандағы 100-ден астам нысанға соққы жасаған, атыс уақытында 330-дан астам оқ-дәрі қолданылыпты.

Генерал дрондардың Израильге нақты қашан келетінін айтпады, десе де израильдік басылымдар 2025 жылдың сәуір айында дәл осындай дрондар жолда бірнеше сағат-ақ жүргенін жазды.

Осыған дейін Израильдің Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастағанын хабарладық. 

Осы жағдайдан соң Тель-Авивтегі ҚР елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасауға мәжбүр болды. 

Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы атыстан соң мұнай бағасы да қымбаттай түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу