"2016 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша айналымда жүрген төлем картасының саны 15,6 млн. болған, ал аталған картаны ұстайтындар 13,9 млн. адамды құраған. Ең көп қолданыстағы карталар- дебиттік карталар, олардың саны 76,5% құрайды, несиелік карталар үлесі-15,2%",- делінген қаржылық реттеудің арнайы сайтында. Сонымен бірге, несиелік лимиті бар дебиттік карталар және алдын - ала төленген карталар үлесі 2,6% және 5,6%.
Осы жылдың мамыр айында Ұлттық банк мәліметі бойынша қазақстандықтардың карточкалармен жасаған төлемдерінің саны 827,9 млрд. теңгені құраған, ол былтырғы жылғы есеппен салыстырғанда 29,2%-ға артқан. Сонымен қатар, транзакциялардың саны 27,2 млн. теңгені құрайды. Қаржылық реттеу аталған бағыт бойынша өсім 22,8% -ды құрағанын атап отыр (2015 жылдың мамыры бойынша).
Осы ретте транзакциялар саны 9,4 млн. өскен, ал ақшасыз төлем санының жалпы көлемі 121,2 млрд. теңгені құраған.
Қазақстандықтар 706,7 млрд. теңге сомасындағы ақшаны қолма-қол алуға 17,8 млн . операция жүргізген.
"Ақшасыз төлем жасаудың негізгі үлесі POS-терминалдар ( ақшасыз төлем нің жалпы саны мен көлемінен 56,5% және 62,3%) арқылы және интернет (сәйкесінше 30,1% және 22,1% ) арқылы жасалған. Қолма- қол ақша беру бойынша операциялар, негізінен, банкоматтар арқылы жүзеге асқан (қолма- қол ақша беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен 95,5% және 86,2%) ",- деп түсіндірді қаржы реттеуде.
Саяжан Каукенова