22,8 млрд теңгеден асатын негізсіз бағамен сатып алу әрекеті әшкереленді

7066

Сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету және қолданысқа "жаңадан реттеу" қағидатын енгізу үшін қайтпек керек? Бұл сұраққа мамандар жауап берді. 

22,8 млрд теңгеден асатын негізсіз бағамен сатып алу әрекеті әшкереленді

"Жаңадан реттеу" қағидатын енгізу мемлекеттік реттеу проблемаларын шешуде жүйелі тәсілді көздейді. Көптеген дамыған елде тиімді бизнес-реттеуді қалыптастыру жолынан өтті, сондықтан жұмысты осы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жүргізу қажет", – деді онлайн конференцияда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов. 

Бизнес-омбудсмен сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының "Сатып алулардың бірыңғай терезесі" порталының мүмкіндігі пайдаланылып отырғанын алға тартты. 

Біле жүріңіз, 22 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында 2020 жылдың басынан бастап осы портал арқылы әрекет етіп отырған "Регион ГЗ" мемлекеттік сатып алулардың рейтингтік жүйесі таныстырылды. Іс барысында құны 22,8 млрд теңгеден асатын негізсіз бағамен сатып алу әрекеті әшкереленді. 

Өз кезегінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі Ербол Өстеміров заң жобасына кәсіпкерлік кодексіне реттеу сапасына бағытталған бірқатар норма енгізу жоспарланып отырғанын жариялады. Оның сөзінше, заң жобасы аясында түрлі салдарды іс жүзінде байқаудан өткізу мақсатында жаңа реттеуді енгізудің немесе қолданыстағыны алып тастаудың эксперименттік уақытша режимінің құқықтық мәртебесі, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың дерекқоры болып табылатын кәсіпкерлік саласындағы міндетті талап тізілімінің құқықтық мәртебесі белгіленеді. 

Басқосу барысында мемлекеттік сатып алулардағы деректерді, оның ішінде жергілікті қамту үлесін жедел талдауда облыстар мен аудан бөлінісіндегі "Сатып алулардың бірыңғай терезесі" бағдарламасы маңызды рөл атқаратыны тілге тиек етілді.

Бұл туралы "Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы" ЖШС директоры Серікбек Елшібеков: "Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі бойынша есепті егжей-тегжей талдауға және зерделеуге болады", – деді.

Қанат Махамбет 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу