"7-20-25" бағдарламасының келешегі қандай?

Қазақстанда "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық несиелендіру бағдарламасы жуырда жабылмайды, өйткені жоба аясында белгіленген 1 трлн теңге көлемінде лимит әлі таусылған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстанның орнықтылық қорына сілтеме жасап.  

"7-20-25"  бағдарламасының келешегі қандай?

27 қыркүйектегі жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер 376,1 млрд теңгеге жалпы сомасы 31 209 несие берді, ал белгіленген лимиті 1 трлн теңге. Яғни, бұл соманы игеру үшін әлі 623,9 млрд теңгеге немесе белгіленген нысаналы индикатордың 62%-ы шамасында тұрғын үй несиесі берілуі қажет.  Бағдарламаның аяқталуының нақты күні, компания атап өткендей анықталған жоқ.  

Еске сала кетсек, "7-20-25" бағдарламасы іске қосылған кезде бұл жобаны қадағалайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асыру мерзімін 2023 жылға дейін белгіледі.  1 трлн теңге теңге сомасы бес жарым жылда жұмсалады деп күтілген еді.

Алайда, бағдарламаның орындалу қарқыны болжанған көрсеткіштен 2 есе артта қалды.  Мәселен, 2018 жылы қазақстандықтарға 39,4 млрд теңге сомасына 3 289 ипотекалық несие берілді, 2019 жылы - 99 млрд теңгеге 8723 несие, 2020 жылы - 120,8 млрд теңгеге 10207 несие.  2021 жылы 27 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы сомасы 116,8 млрд теңгеге 8990 адам тұрғын үй заемдарын алды.  

Айта кету керек, аталған жобада үйдің шекті бағасы белгіленген.  Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырауда сіз 25 млн теңгеден қымбат баспана сатып ала алмайсыз.  

"7-20-25" бойынша Қарағандыда шекті сома 20 млн теңге. Басқа аймақтарда жеңілдікпен ипотекаға сатып алынатын тұрғын үй бағасы 15 млн теңгемен шектелген.  Ортықтылық қорының мәліметінше, бағаның өсуіне байланысты бұл шартты өзгерту туралы шешім Ұлттық банкте қарастырылуда.  

Айта кететіні, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жыл ішінде (2020 жылдың тамызынан 2021 жылдың тамызына дейін) жаңа тұрғын үйдің бағасы 10,9%-ға, қайталама нарықтағы баспана бағасы - 17%-ға қымбаттады.  

Бұған дейін ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова операторы "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ болып табылатын Ұлттық банкінің бірнеше бағдарламасы қысқартылғанын хабарлаған болатын.  "7-20-25" жеңілдікті ипотекалық бағдарламаны әлеуметтік бастамалардың бірі ретінде берілген. Жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша 2018 жылдың шілдесінде Ұлттық банк іске қосты.  Бағдарлама бастапқы төлем ретінде тұрғын үй құнының 20%-ы мен 7% сыйақы мөлшерлемесімен 25 жылға ипотекалық несие беруді қарастырады.  Бұл ретте тек жаңа жылжымайтын мүлікті сатып алуға болады.  Бағдарламаның операторы Қазақстан Ұлттық банкінің еншілес - Баспана ипотекалық ұйымы.  

2018 жылдың қыркүйегінде қайталама нарықта ипотека рәсімдеуге мүмкіндік беретін "Баспана хит" ипотекалық жобасы іске қосылды.  Бағдарлама 20% бастапқы жарнамен 25 жылға беріледі.  Бұл жағдайда сыйақы мөлшерлемесі: базалық мөлшерлеме + 1,75%, яғни бүгінгі күні жылдық сыйақы мөлшерлемесі 11,2%-ды құрайды. 

Құралай Құдайберген


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу