7 980 валюталық қарыз қайта қаржыландырылады

6021

Ұлттық банк 208,3 млрд теңге ипотекалық қарыздың жүктемесін жеңілдетті. 

7 980 валюталық қарыз қайта қаржыландырылады

Ұлттық банк 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған борышкерлердің қарызын қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлді.
10 тамыздағы жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде револьверлік тетікті ескергенде  167, 2 млрд теңгенің 27 068 қарызы мақұлданып, 151,5 млрд теңгенің 25 664 қарызы қайта қаржыландырылды. Бұл бағдарламаның бірінші блогы болатын. 

Екінші блог жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық қарызын қамтыды. Бұл борыш Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландырылып келеді. 10 тамызға дейін банктер 71,1 млрд теңгенің 8 156 өтінімін мақұлдап, 56,8 млрд теңгенің 6 745 қарызын қайта қаржыландырды.

Айта кетейік, қарыздың бағдарлама талабына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушылар қарыз берген банкке өтініш жасауға тиіс. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу