Қос команда АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездескен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші таймның ортасына таман өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов колумбиялық шабуылшы Луис Диаспен бірге допқа таласып қалды. Жұлдызды ойыншы жоғары жылдамдықпен келіп алаң жиегінде тұрған телеоператорды қағып кеткен.
Осыдан соң Абдукодир Хусановқа сары қағаз көрсетілсе, оператор медициналық көмекке жүгінген.
Жаза кеткен жөн, аталған матчта бапкер Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілді.
Солай бола тұра, көрші ел әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы голын соқты. Тарихи голдың авторы – жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев.
К тобындағы екінші турда Өзбекстан құрамасы 23 маусым күні Португалия құрамасымен кездеседі.